«Қыс басталғалы құтқару бөлімшелері 17 іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды. Іс-шара барысында таулы жерлерде саяхаттап жүрген 14 турист табылды, олар кері қайту бағытын жоғалтқан. Бүгінгі таңда «Туристік қызмет туралы» заңға туристер мен туристік топтардың жүру бағыттары туралы аумақтық бөлімшелерді ақпараттандыру бөлігіне өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда», - деді Жомарт Асқаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек, министрлік өкілі қар көшкіні жағдайына тоқталып өтті.
«Қыс басталғалы 29 мың шаршы метр көлемінде қар көшкіні болды. Таулы аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 75 мың текше метр қар түсіріліп, 52 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ қауіпті учаскелерде 108 ескерту қалқаны қойылған. Одан бөлек жерүсті зерттеп, бақылау жұмыстары жүргізіледі», - дейді ол.