Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Айдын Қапашев Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Айдын Боранбайұлы Қапашев 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік органдарында бастаған.
Әр жылдары келесі қызметтерді атқарған: облыстық қаржы басқармасының маманы; экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы және бөлім басшысы; қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, бұл лауазымда 8 жыл жұмыс істеген. 2022 жылғы қараша айынан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.