Туризм комитеті қаңтарда Қазақстанға чартерлік тасымал мәселесі бойынша диалог алаңын ұйымдастырады

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті елімізге туристерді чартерлік тасымалдау мәселесі бойынша қазақстандық туроператорлар мен авиациялық компаниялар арасында диалог алаңын ұйымдастырады.

Аталған комитет мәліметіне қарағанда, жақында министрлікте өткен кеңесте алдағы туристік маусымға орай Қазақстанға чартерлік әуе тасымалдарын ұйымдастыру шаралары қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, түркиялық «SKY» әуе компаниясы банкрот болуына байланысты және «QUALITUM TURISM» туроператорының қаржылық қиындықтары салдарынан 2013 жылдың маусымында қазақстандық азаматтар елге оралу тұрғысында кейбір ауыртпалықтарды сезінді.

Осыған байланысты министрлік жүйелі түрде іске асырылмайтын халықаралық әуе байланыстарға байланысты рұқсатнамаларды беру нормаларын қайта қарастырған еді.

Таяуда Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша «QUALITUM TOURISM» туроператорының банкроттығы салдарынан қазақстандық туристік фирмалар мен азаматтардың қаржылық шығынына байланысты жағдайда реттеуге арналған кеңес өтті. Қазіргі кезде Туризм индустриясы комитеті мен Қазақстандық туристік қауымдастығы ҚР Бас прокуратурасымен аталған мәселені шешу үшін жүйелі жұмыстарды атқаруда.