Туризм мен балалар спортын қолдау жөніндегі заңға өзгерістер енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Коллаж: Kazinform / Nano Banano

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұдан бұрын Тоқаев 2026 жылғы әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.