Бағдарлама Дүниежүзілік туристік ұйымның (UN Tourism) қолдауымен, сондай-ақ Lucerne University of Applied Sciences and Arts (HSLU, Люцерн, Швейцария) және Халықаралық туризм академиясының (International Tourism Academy) серіктестігімен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен «Астана-20» мемлекеттік қорының қолдауымен өткізіледі.
Конкурс жеңімпазына оқу гранттары беріледі, сондай-ақ тұру және әуе билеті шығындары ішінара өтеледі:
- 1-жыл — Мадридте (Испания) оқу ақысы толық төленеді (тұру шығындары қарастырылмаған);
- 2-жыл — онлайн форматында оқу және тағылымдамадан өту, оқу ақысы толық төленеді;
- 3-жыл — Люцернде (Швейцария) оқу ақысы толық төленеді, сондай-ақ тұру шығындары (12 114 еуро) және әуе билеті (300 еуро) өтеледі.
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлек Қазақстанға оралып, туризм саласында кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
— жалпы орта, техникалық немесе кәсіптік білім;
— ағылшын тілін кемінде C1 деңгейінде білу (IELTS, TOEFL немесе баламалы сертификат);
— уәждемелік хат;
— Қазақстан Республикасының азаматтығы.
Қажетті құжаттар тізімі:
— білім туралы құжаттың қосымшасымен көшірмесі;
— ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат;
— уәждемелік хат;
— түйіндеме (CV);
— жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2026 жылғы 20 мамырға дейін bakytova17leila@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы 10-15 пайызға артуы мүмкін екенін жаздық.