Түрік көкпаршылары ширек финалда Қырғызстанға есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ширек финалында түркиялық көкпаршылар Қырғызстан командасынан 15:1 есебімен ұтылып қалды.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

Қырғызстандық көкпаршылар кеше, іріктеу кезеңінде Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. 

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

Айта кетейік, жарыстар Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясының ережелері бойынша өткізіліп жатыр.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

Бұған дейін ҚР көкпар құрама командасының капитаны Тұрғанбек Құрманбек Қазақстан құрамасының басты қарсыласы — қырғызстандық көкпаршылар екенін айтқан болатын.  

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

Бүгін қазақстандық көкпаршылар ширек финалда АҚШ командасын 12:4 есебімен ұтты.

Көкпар төрешісі Ілімша Әлтаев бұл дәстүрлі спорт түрі Қазақстанда танымал екенін айтады.