Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.
— Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін осы айдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық қорғау ведомстволары басшыларымен кездесу өткізгенін жазған едік.