Түркі академиясы 2013 жылғы ғылыми басылымдарын таныстырады
23:13, 10 Қазан 2013
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 11 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы «Түркілік тәрбие» антологиясы мен «Түркі дүниесі» альманағының тұсаукесерін өткізеді.
Бұл туралы Түркі академиясыныің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркі академиясының бұл ғылыми ерекше еңбектерін таныстыру шарасына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, түркі мемлекеттерінің елшілері мен ғылыми-мәдени орталық басшылары, лауазымды тұлғалар, астаналық жоғарғы оқу орындары мен БАҚ басшылары, көрнекті ғалымдар, магистранттар мен студенттер шақырылды.
Шара барысында «Түркі академиясы және түркілік мұраны зерттеу мен насихаттау мәселелері» тақырыбында пікір алысу ұйымдастырылады, сондай-ақ оған қатысушылар Түркі мұражайымен танысады.