Құрметті мейманды қарсы алған TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.
Тараптар Жапониямен ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.
Түркі музейін аралап көрген елші мырза Академияның жұмысына зор қызығушылық танытып, келешекте байланыстарды бекітуге жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.
Айта кету керек, осы қазан айының соңында Д.Қыдырәлі бастаған TWESCO делегациясы Халықаралық академиялар одағының 89-шы жалпы ассамблея отырысына қатысу үшін Жапонияға аттанады. Сапар аясында Жапония Ғылым академиясы басшыларымен және басқа бірқатар кездесулер жоспарланып отыр.