Түркі академиясының президенті халықтардың ортақ құндылықтарын атап өтті

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өткен «Халықтардың мәдени-рухани құндылықтары - бірліктің негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық семинарда Түркі академиясының президенті, профессор Шәкір Ыбырай халықтардың ортақ құндылықтарын атап берді.

«Шынымен де, халықтардың тату болып, достық қарым-қатынаста өмір кешуі - мәдени-рухани құндылықтардың арқасы. Ол қандай құндылықтар? Бұл жерде бөліп-жаратын ештеңе жоқ. Бір-бірімізге деген құрмет, үлкенді сыйлау, әлсізге көмектесу, қонақжайлылық, өзгелердің проблемасына түсіністікпен қарау, Отанды сүю, сондай-ақ басқа халықтардың тіліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне және дініне құрметпен қарау - осы құндылықтардың барлығы кез келген халықта бар. Бұны біз негізге алатын болсақ, шеше алмайтын мәселе жоқ», - дейді Ш.Ыбырай. 

Айта кетейік, «Халықтардың мәдени-рухани құндылықтары - бірліктің негізі» халықаралық ғылыми-практикалық семинары «Астана - түркі әлемінің мәдени ордасы» жылы аясында ұйымдастырылып отыр.