Түркі әлемінің Парламентаралық дипломатиясын жандандыру қажет - О. Мұхамеджанов

None
АНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Түркі әлемінің Парламентаралық дипломатиясын жандандыру қажет. Бүгін елордада өтіп жатқан ТүркПА ІІ-жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

«Түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртатын, еселеп арттыра түсетін және бүкіл әлемге паш ететін кез келді. Тарих бізге осындай мүмкіндік беріп отыр. Ал, оны пайдалана білу үшін бұдан да тығыз араласып, бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында нақты қадамдар жасауамыз керек. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Парламентшілерден қазіргі құрылым шеңберінде Парламентаралық дипломатияны жандандыруды қажет етеді»,-деді О. Мұхамеджанов.

Спикердің айтуынша, ұлттық заңнаманы үйлестіру түркі әлемнің ықпалдастық байланыстарын дамыту мен халықтардың жақындасуына зор мүмкіндік береді.