Ақындарды Оштың вице-мэрі Нұрбек Қадыров, қала әкімшілігінің әлеуметтік даму бөлімінің, Сыртқы байланыстар агенттігінің қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері қарсы алды.
Мерейтойға жиналғандар арасында «ТҮРКСОЙ» ұйымының Қырғызстандағы өкілі Қожагелді Күлтегін, Түркия, Әзербайжан, Македония, Өзбекстан, Қазақстан, Якутия, Башқұртстан, Қырғызстан ақындары бар.
Ойшылдың мерейтойына арналған поэзия кеші Оштың Қырғыз-Өзбек университетінде болады. Шара аясында түркі елдерінің ақындар айтысы өтпек.