Жарылғыш зат орнатылғандығы жайлы жасырын хабарлама полиция қызметінің кезекші бөліміне таңертең ерте түскен.
Тәртіп сақшылары орталықты қоршауға алып, барлық адамдар кешеннен аулақ аймаққа шығарылды. Саперлер де жұмылдырылды, алайда ешқандай жарылғыш және басқа да күдік тудыратын зат табылған жоқ.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері хабарлама берген қоңырау шалушыны іздестіруде.
Айта кетейік, бүгін Чолпон Атада Түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайы өтуге тиіс болатын. Шараны «Рух Ордо» мәдени орталығында өткізу жоспарланған. Алайда, жарылғыш құрылғы жайлы хабарламадан кейін қатысушылардың бәрі тарап кетіп, құрылтай өтпей қалды. Форум сәл кейінірек Қазақстанда өткізілетін болды, деп хабарлады 24.kg.