«Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті. Осы бауырмалдығымыз нығая түссін. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болып, ынтымағымыз жараса берсін!», - деді Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.17:46, 16 Наурыз 2023
Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетті - Мемлекет басшысы
АНКАРА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордағы сілтеме жасап.