Бірыңғай әліпби комиссиясын құру жөніндегі шешім Түркияның Бурса қаласында өткен тіл күнінің 90 жылдығына арналған «Түркі әлемінің жалпы әліпбиі бойынша семинарда» Түркі мемлекеттері үйымының қарауына ұсынылды.
Семинар түрік тілі қоғамының (TDK) басшысы Гюрер Гюльсевиннің төрағалығымен өтті.
Оған ТМҰ ақсақалдар кеңесінің басшысы, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым қатысты.
Комиссия құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясаты мәселесімен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүшеден кіреді.