Түркіменияда алаң мен саябақтар Ислам Каримовтың есімімен аталатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменияда алаңдар мен саябақтарға Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың есімі беріледі, - деп мәлімдеді өзбек телеарнасының эфирінде Түркімения президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, деп жазды РИА Новости.

Жұма күні 78 жасында өмірден озған И.Каримов сенбіде туған жері Самарқандта жерленді. Өзбекстанда үш күндік аза тұту күні жарияланды.

 «Оны мәңгі есімізде сақтаймыз... Біздің астанадағы ғана емес, барша ел бойынша алаңдар мен саябақтар Ислам Каримовтың есімімен аталатын болады», - деді Бердімұхамедов сенбі күні, Самарқандта Өзбекстан президентін соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде өзбек телеарнасының эфирінен.