Мұндай жарлыққа Түркімен үкіметінің отырысында президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды. Мемлекет басшысы түркімен халқы ортақ Ұлы Жеңіске жету үшін қомақты үлес қосқанын атап өтті.
Ардагерлер мен сарбаздардың жесірлеріне мемлекет басшысы атынан төлемақы беріліп, бағалы сыйлықтармен марапаттау облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерге жүктелді.
Түркіменстанда 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні - айтулы мерекелердің бірі, мұнда соғыс ардагерлері зор құрметке ие.