Түркіменстан үкіметінің 2015 жылғы жеті айының қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесте Ашхабад басшысы қызметінен босатылды. Елдің Жоғары бақылау палатасының тексерісі нәтижесінде қаланы абаттандыру жұмыстарындағы кемшіліктер анықталған.
Нұрмаммедов 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Ашхабад мэрі лауазымында болды. Түркіменстан президентінің Жарлығымен ел астанасының жаңа әкімі болып бұған дейін Ашхабад аудандарының бірін басқарған Мыратнияз Әбілов тағайындалды.