Түркіменстан президенті үкімет пен мемлекеттік концерндер жетекшілігіне жаңа адамдарды тағайындады

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында кадр мәселесіне қатысты бірқатар шешімдер қабылдады,

деп хабарлады Росбалт.

Сенбі күнгі Түркіменстан үкіметінің хабарламасында айтылғандай, Мырат Артықов үкімет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Түркіменстан энергетика министрінің міндеттерін атқару энергетика министрінің орынбасары Гельд Сарыевқа жүктелді.

Вице-премьер Шамухаммет Дурдылыев президент істерін басқару аппаратының жетекшісі болып тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымда болған вице-премьер Пальван Таганов сауда және биржа қызметі салаларына, сонымен бірге Түркіменстанның Кәсіпкерлер және өнеркәсіп иелері одағының жұмысына басшылық жасайтын болды.

Шатлық Хуммедов Түркіменстаның бас мемлекеттік салық қызметінің төрағасы, ал осыған дейін Түркіменстанның БАӘ-дегі елшісі қызметін атқарған Оразмырат Гурбанназаров азық-түлік өнеркәсібі мемлекеттік ұйымының басшысы болып тағайындалды.

Президент сонымен бірге елдің банк саласына бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді.

Сонымен қатар Бердімұхамедов Чарымұхаммет Хоммадовты «Түркіменгаз» мемлекеттік концернінің басшысы етіп тағайындады.