Түркіменстан президентінің кортежі Түркияда апатқа ұшырады

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедовтың эскорты Түркияның Измир қаласында апатқа ұшырады деп хабарлайды Утро.ру сайты. Тізбектегі 6 көлік бірінің артынан бірі кірген.

Нәтижесінде барлық көліктерге айтарлықтай зақым келген, президент командасының кейбір мүшелері жарақаттар алған. Г. Бердімұхаммедовтың өзі дін аман.

Президент келе жатқан жол біраз уақыт сыртқы әлемнен ажыратылды. Алайда Түркіменстан президентінің артынан Түркия президентінің кортежі келе жатқандықтан, полиция зақымданған көліктерді тездетіп жолдың жиегіне шығарған.