Мұндай шешім Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Түркіменстанның ІІМ басшысы Ескендір Мулликовтің Х.Мұхаммедовтың екі ұлы мен күйеу баласы түнгі клубтар, демалыс орындары мен ұшақ салонында жанжал шығарып, бір емес, бірнеше рет төбелеске түрткі болған деп таратқан ақпаратынан кейін қабылданды.
23:04, 21 Қыркүйек 2013
Түркіменстан Үкіметінің вице-премьері қызметінен босатылды
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов кеше министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, мемлекет істерін басқару аппаратының басшысы Ходжамұхаммед Мұхаммедовты қызметінен босатты. Бұл шешім оның балаларының лайықсыз тәртібіне қатысты шығарылды, деп хабарлады жергілікті телеарналарға сілтеме жасап РБК.