2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Түркіменстан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын» таңдап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабад жылқы спорты кешенінде үздік ахалтеке сәйгүлігі байқауының іріктеу кезеңі өтті. Оған Түркіменстандағы бұл тұқымды жылқылардың ең таңдаулылары қатысты.

Байқауды "Түркімен атлары" мемлекеттік бірлестігі ұйымдастырып жатыр.

Алғашқы іріктеу кезеңі аясында 50-ден астам ахалтеке сәйгүліктері қаралды. Қазылар алқасы ең үздік 20 сәйгүлікті таңдады. Келесі кезеңде олардың алдында үлкен сын тұр.

Байқаудың соңғы кезеңі сәуір айының соңғы жексенбісінде, Түркіменстанда түркімен сәйгүлігі мерекесі тойланған кезде өтеді.