Бұл туралы Trend жазады.
Бұдан басқа, Түркіменстанның Демократиялық партиясынан басқа президенттік сайлауға Өнеркәсіпшілер партиясы мен аграрлық партия қосылуы мүмкін.
«Бұл партиялардың бәсекелестігі елдің қоғамдық-саяси өміріне жаңа серпін береді. Бұл баламалы сайлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, яғни, өз кезегінде, барша қоғамның, әр азаматтың саяси мәдениетін одан әрі арттыруға, халық пен биліктің бірлігін нығайтуға, қоғамды демократиялық негіздерге шоғырландыруға ықпал етеді», - деп, ақпаратта түркімен басшысының сөзі келтірілген.
Сөзін отырыс қатысушыларына бағыттаған мемлекет басшысы саяси партиядан болсын, азаматтар тобынан болсын кез келген тәжірибесі мол, халқының сенімін ақтай білетін жоғары білімді, құзыретті азаматқа Түркіменстан президенттігіне сайлауға қатысуға мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.
Қазіргі президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов екі рет сайланды. 2012 жылғы ақпандағы соңғы сайлауда оған 97,4 пайыз сайлаушылар дауыс берді.