Түркіменстанда тегін газ беру тоқтатылады

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халықты тегін газбен қамтамасыз ету саясаты тоқтатылатындығын мәлімдеді.

Ол бұдан ары тұрғын үйлерге газ есептегіш құрылғылар орнатылатынын айтты. Президенттің сөзіне қарағанда, құрылғылар тұрғындардың газды үнемдеуіне әсер етеді".

Бірақ Бердімұхамедов тегін газдың қай күні тоқтатылатынын айтпаған. Түркіменстандағы тұрғын үй шаруашылықтарына тегін газ бен су құбырлары, электр желілері 1993 жылы тартылған.

Түркіменстан президенті былтыр бұл саясаттың 2030 жылға дейін жалғасатынын айтқан еді.

Бұл елде 5 миллиондай адам тұрады. Халқы шағын мемлекет табиғи газ қорынан әлемде 4-орын алады. Билік соңғы айларда халыққа берілген бұл субсидиялар өте қымбатқа түскенін айта бастаған болатын, деп хабарлайды «Азаттық».