Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов университеттің ғылыми-техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды TWESCO сайты.
Сонымен қатар, салтанатты шараға Түрікменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.
12 гектар аумаққа орналасқан университетте бір мезгілде 3 мың студент білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Жоғары оқу орнында 5 факультет, 15 кафедра мен ғылыми-зерттеу орталығы бар.
Аты айтып тұрғандай, университет студенттері жаңа материалдар технологиялары, наноматериалдар, химиялық технология, ақпараттық жүйе мен технологиясы, мехатроника, автоматтандыру және басқару, инноватика мен робототехника салалары бойынша дәріс алады.
Жаңа оқу ордасының бірден-бір ерекшелігі: оқыту жүйесі тек ағылшын тілінде жүргізіледі.
Айта кету керек, 2016-2017 оқу жылы аталған университетке 280 студент қабылданды.