деп хабарлайды РБК агенттігі.
Оқиғаның салдарынан қаланың тұтас батыс бөлігі жарықсыз қалып отыр, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.
Абаданға әскери техника колоннасы мен жәдел жәрдем машиналары жөнелтіліп отыр. Куәгерлердің айтуынша, қала көшелерінде жарылмай қалған снарядтар шашылып жатыр. Көптеген үйлердің терезе шынылары сынған, қала бойынша электр, су және газ жүйелері ажыратылды.
Түркімен өкіметінің айтуынша, Абадандағы жарылысқа «отшашуларға арналған пиротехникалық құралдардың аптап ыстықтың салдарынан тұтануы» себеп болған. Төтенше оқиғаға байланысты ел президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедовтың төрағалығымен министрлер кабинеті мен қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесі өтті.
Шенеуніктердің баян етуінше, «Абадандағы жарылыстан құрбан болғандар жоқ және анау айтқандай қираулар болмаған». Халыққа қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына жақын маңда тұрған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.