Дауыс беру нәтижесі жеті күннің ішінде жарияланады.
Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сай, елде 3,43 миллион адам дауыс беру құқығына ие, 2 577 сайлау учаскелері ұйымдастырылған.
Сайлау барысын 2 726 ұлттық бақылаушы, сонымен қатар ТМД елдерінен бақылаушылар миссиясы қадағалап отырады. Президенттікке үміткер ретінде 9 адам тіркелді. Олардың арасында Түрікменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің ұлы да бар.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 19:00-де аяқталды.
Еске салсақ, бұған дейін Түрікменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердымұхамедов билікті жастарға беру туралы айтты.