Turkish Airlines әуе кемелерінің паркі 2033 жылға дейін 813 ұшаққа жетеді

Фото: Азертадж

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы Turkish Airlines 225 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 75 ұшаққа келісімшарттар қол қойылған. Бұл туралы THY басқармасының төрағасы Ахмет Болат мәлімдеді, деп Азертадж жазды.

Оның айтуынша, 2033 жылға қарай Turkish Airlines әуе кемелерінің паркі 813 ұшаққа жетеді.

— THY-дің жолаушылар ағыны 85 миллион адамға жетті, ал жылдық табысы 22 миллиард долларды құрайды. Қазіргі уақытта Turkish Airlines-те бір жолаушыдан орташа табыс 22-23 долларды құрайды, — деп атап өтті Ахмет Болат.

Сондай-ақ ол ұшақ қозғалтқыштарын күту шығындарына да назар аударды.

— Орташа алғанда, қозғалтқышты техникалық тексеруден өткізу 7-8 миллион долларға түседі. 30 жыл ішінде бір ұшақ алты рет тексеруден өтеді. Осы шығындарды азайту үшін ұшақ сатып алу кезінде техникалық тексеруді өндірушімен алдын ала келісіп алу қажет. Егер бұл жұмыстарды Turkish Airlines өзі атқарса, арнайы техникалық алаңдар құру керек. Мысалы, біздің компания Rolls-Royce қозғалтқыштарын тексеру үшін техникалық база салып жатыр. Осы мақсатқа 300 миллион доллар бөлінді, — деді ол.

Айта кетейік, Түркияда жылдық инфляция деңгейі қайтадан көтерілді.