Компания бұл шешім Ататүрік атындағы халықаралық әуежай мен Сабиха Гекчен әуежайындағы рейстерге қатысты екенін түсіндірді.
Кейінге қалдырылған рейстердің ішінде Қазан, Бішкек, Тегеран, Баку, Кабул, Басра, Тбилиси, София және бірқатар басқа да еуропалық астаналарға ұшатын ұшақтар бар. Метеорологтар Түркияның солтүстік-батысында таяу күндері қалың қар жауады деп ескертті. Жұма Ыстамбұлдың бірқатар өңірінде қар қалыңдығы 20-50 см-ге, желдің жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетуі мүмкін.