Turkish Airlines әуе компаниясы Ливияға қатынауын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Turkish Airlines әуе компаниясы Ливияға қатынауын тоқтатты.

Turkish Airlines әуе компаниясы қауіпсіздік мәселесіне байланысты Ливияға қатынауды тоқтатқан соңғы әуе тасымалдаушы, деп жазады khabar.kz.

Дүйсенбі күні Мисрату қаласына ұшуды тоқтатқан әуе компания Триполи, Бенгази және Себху қалаларына да енді қатынамайтынын мәлім етті.