NTV телеарнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта әуе кемесінің жолаушыларын қауіпсіз жерге көшіру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
А320 ұшағы Ататүрік атындағы халықаралық әуежайдан сенбі күні таңертең ұшып шыққан. Әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң оның оң жақ қозғалтқышы жана бастаған. Ұшқыштар қайтып келуге рұқсат сұрап, жедел қонды. Телеарнаның жариялаған кадрларында лайнердің сәтті қонғаны, алайда тежелуі кезінде қозғалтқыштың ұшу-қону жолағының төсемін жырып өткені көрініп тұр.