Түркиялық БАҚ хабарлағандай, ол жарылыс қаупі салдарынан ұшуын тоқтатқан. Бұл лайнердің соңғы аптадағы үшінші рет апаттық жағдайда қонуы, деп хабарлады Би-би-си.
30 наурызда «Ыстамбұл-Сан-Паулу» бағытында ұшқан «Боинг-777» ұшағы салонында «бомба» деген жазуы бар хат табылған соң Касабланка әуежайына қонған. Ал 29 наурызда «Turkish Airlines»-тің «Ыстамбұл-Токио» рейсі осы сынды жазба табылған соң жерге қонды. Екі жағдайда да хабарлама жалған болып шыққан.