Оның дерегі бойынша, Ыстанбұл-Алматы бағытындағы ТК 350 əуе рейсі (94 жолаушы), Ыстанбұл-Астана бағытындағы ТК 354 (120 жолаушы) рейсі кешігіп жатыр. Оған қоса, Алматыдан Ыстанбұлға 150 адам ұшып баруы керек еді. Оның 80-і Дубай, Баку жəне Мəскеу арқылы жөнелтілді. Қалған 70 адам ертеңгі рейспен ұшады. Ал, Астана-Ыстанбұл бағытындағы ТК 335 əуе рейсінен 7 жолаушы қалды. Қалғандары 8 қаңтарға жоспарланып отырған ТК 345 рейсіне қалдырылды. Сонымен қатар, өзге тасымалдаушы рейстерге де бөлінді.
"Ыстанбұлдан Алматы жəне Астанаға бүгін кешке ұшып келетін рейс кесте бойынша тұр. Жалпы, Ыстанбұлдан Қазақстанға («Turkish Airlines») 214 жолаушы жете алмай отыр. Əуе компаниясының мəліметі бойынша жолаушыларға кешіккен кезде ұсынылатын барлық қызмет көрсетілуде. Қазақстаннан Ыстанбұлға кезекті рейспен 77 жолаушы ұшуы тиіс", деп түсіндірді ол.
Дегенмен, ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тəңірберген Бердіоңғаровтың хабарлауынша, қазіргі кезде Ыстанбұлдан ұшақтар ұша бастаған.
Осыған дейін хабарланғандай Ыстанбұлдан шығатын рейстер Түркия аумағындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіккен болатын. Ыстанбұлда қатты жел мен толассыз қар жауып тұрғаны байқалады.