54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айтуар Шайкенов үздіктер қатарынан көрінді. Төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен ол, финалда 17:5 есебімен грекиялық Дионисиус Ропсаманикисті айқын басымдылықпен жеңді.
68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қайырбеков бес жекпе-жекте де қарсыластарынан басым түсті. Жартылай финалда ол өз отандасы, 2014 жылғы Азия ойындарының финалисі Нұрсұлтан Мамаевтан басым түсті. Шешуші кезеңде бельгиялық Си Мухаммед Кетбиді 18:16 есебімен жеңіп алтын медальға қол жеткізді.
63 келіде Әлімжан Серікбаев екінші орын, Қазыбек Бақтиярұлы үшінші орынға табан тіреді.
Естеріңізге сала кетейік, «Turkish Open» турнирі басталмай жатып, клубтар арасындағы Ыстанбұлда қатар өтіп жатқан Еуропа чемпионатында таэквондодан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.