Осы іске жауапты аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаевтың сөзінше, келестіктер 8 200 ағаш отырғызып, жоспардағы жұмыстың 70 пайызын орындап үлгерген.
«Түркістан аймағын көгалдандырып, абаттандыруға ауданнан 8 техника мен 200-ге жуық азамат атсалысуға келді. Қазір өзімізге бекітілген сектор аумағындағы барлық көшелерді тазалап, құнарлы топырақты төсеудеміз. Қатты жерді жұмсартуда техниканың күшін де пайдаланып жатырмыз. Көшеттерді суару мақсатында тамшылатып суару әдісі қолданылады. Ол үшін тиісті құрал-жабдықтар жеткізіліп, арнайы ұңғымалар қазылды», – деді А.Сексенбаев.
Бұдан бөлек, Келес ауданына қосымша трансформатор орнату жұмысы да жүктелген. Жақын күндері жұмысты толығымен аяқтау жоспарлануда.