ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, 31 мамыр күні «Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады.
Түркістан – Бішкек рейсі А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рет (1, 4 күн бойынша) орындалады. «Мәселен, бүгін, 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60% асады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады», - деді министрліктен.