«10 қыркүйек күні кешкі сағат 7-де Саттарханов көшесінде орналасқан «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйінің аумағында «ЗИЛ» автокөлігі жанып, соңынан газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан жалын қонақүйдің шатырына тарады. Болжаммен шатырдың 1400 шаршы метр аумағы өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Н.Нұрахметов.
Мәлім болғандай, «ЗИЛ» автокөлігі газ баллондарын тасымалдаумен айналысады.
Тілсіз жауды ауыздықтаумен Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 70 адамы мен 14 техникасы айналысуда.
«Полиция қызметкерлері қонақүй аумағын қоршауға алды», - деді ресми өкіл.