Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, «Түркістан орталық» (Тәуке хан даңғылы), «Алтын Орда» (Тәуке хан даңғылы, №18) және «Мерей» автобекеттерінің (Ататүрік көшесі) қызметтері тоқтатылған.
Қазіргі таңда жолаушылар үшін Түркістан қаласы бойынша қаланың Шымкент бағытында жаңа «Түркістан» автовокзалы (Ынтымақ ауылы), Қызылорда бағытында «Алтын бұлақ» (Қызылорда тас жолы) және «Яссы» (Қызылорда тас жолы) автовокзалдары жұмыс істеп тұр.
Заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы құзырлы органдар өткізіп жатқан рейд барысында аталған автобекеттерден шыққан қоғамдық көліктер кері қайтарылып жатыр.