Түркістан: Кентауда модульді мал сою бекеті іске қосылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы ашылды. Бұл - 2019 жылы жүзеге асырылатын басымдықты 50 жобаның бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Құны 11 млнтеңге тұратын «НұрФархат» шаруа қожалығының басшысы мәлім еткендей, мұнда малсою үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасапшы жәнелаборатория қызмет жасайды. Жалпы, 5 адам жұмыс істейді. Малдың сау не ауруекенін тексеріп барып союға рұқсат беріледі.

Соныменқатар, ветеринар әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнінкомпьютерге енгізіп отырады. Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзегеасырылып отыр. Бекеттің ішінде сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар.Бұдан бөлек, малдарын алдын ала әкеліп қоятындар үшін қора-жай жасалған.

Шаруақожалығы иесінің айтуынша, 11 млн теңгенің 5,5 млн теңгесін мемлекетсубсидияласа, қалғанын шаруашылықтың өзі өтеуі тиіс. Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауғаарналған бағыты. Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде,күніне 30 шақты малды союға қауқарлы.

Соңғы жаңалықтар