Түркістан: көпбалалы отбасыларға 1345 грант бөлінді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға ҚР Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа 5 мың грант тағайындалып отыр. Соның ішінде Түркістан облысына 1345 грант бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гранттарға өтінімдер бойынша конкурс5-10 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралыТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстықадами əлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықовамәлімдеді.

«ҚР Ұлттық қорынан 2019-2020оқу жылына арналған нысаналы трансферт есебінен көпбалалы және аз қамтылғанотбасыларының балалары үшін жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білімберу тапсырыспен жоғары оқу орындары белгіленіп отыр. Белгіленген жоғары оқуорындарының ішінде «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» АҚ, С.Сейфуллинатындағы қазақ агротехникалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралыққазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүістік Қазақстан мемлекеттікуниверситеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Абайатындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикауниверситеті, Сырдария университеті, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»АҚ бар», – деді А. Садықова.

Грант қаражаты трансферт арқылыжергілікті әкімдіктерге беріледі. Олар өздерінің қажеттілігін ескере отырып,нақты мамандықтар тізбесін анықтап, грант береді. Конкурсқа қатысу үшінталапкер нысаналы топқа жатқанымен қатар, ұлттық бірыңғай тестінің шекті балынжинауы қажет.

Қожа Ахмет Ясауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегіпроректоры Ө.Үмбетовтың айтуынша, 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-даншекті балл жинау – конкурсқа қатысудағы негізгі шарт болып саналады. Ұлттықжоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлер тестілеу нәтижесі бойынша кемінде65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым»бағыты бойынша оқу үшін кемінде 60 балл, денсаулық сақтау саласы бойыншакемінде 65 балл жинауы қажет. Жалпы, осы гранттарға ие болу үшін үміткерлертамыздың 5-10 аралығындағы келесі конкурсқа тапсыру үшін жергілікті атқарушыоргандарға өтініш бере алады. Бұл арада әкімдіктер гранттарды ҰБТ балына жәнегрант санына қарай тағайындайды және жеңімпаздардың тізімін жергілікті БАҚ-дажариялайды. Барлық нысаналы грант иегерлеріне әдеттегідей 20 949 теңге көлеміндегі шәкіртақы тағайындалады.Сонымен қатар, демалыс кезінде жылына 2 рет жол өтемақысы төленеді.

Соңғы жаңалықтар