Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, астыртын цехтарда қолдан жасалған. Халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.
Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіру бойынша екі цехтың қызметін тоқтатты.
«Жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жалға алынған қойма үй-жайларында антисанитариялық жағдайда суррогат алкоголь өнімін өндіру бойынша екі жасырын цех ұйымдастырылғаны анықталды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.