«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірге Түркістан облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол банкроттық басқарушыдан азаматтық іс бойынша оң сот шешімін шығарғаны үшін 300 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілігіп отыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық процессуалдық кодесінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деді Данияр Ақуан.
11:56, 30 Сәуір 2020
Түркістан облыстық сотының алқа төрағасы тергеліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.