Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. Дамыған елдердің бір жоғары көрсеткіші - дер кезінде жететін жедел жәрдем.
Бүгінде облысымызда жедел жәрдем көрсету станциясы мен оған қарасты аудандық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты сала ісі ілгері дамуы үшін бүгін 16 бірдей жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. Жиыннан соң «Газель-NEXT» маркалы автокөліктер облыстық жедел жәрдем станциясының аудандық бөлімшелеріне жол тартты. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алдағы уақытта облыстың медицина саласын қосымша 26 арнайы көлікпен қамту жоспарлануда.