Ыстанбұл қаласынан келген тарихшы-ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы Исметулла Ясауи бүгінде «Yesevi Ocakları» журналының бас редакторы әрі «Яссы» қорының президенті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында Мәлік Отарбаев пен Исметулла Ясауи Қожа Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мақсатындағы жоспарланған жұмыстарды талқылады. Түркиялық қонақ Халықаралық «Яссы» қорымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіріп, екі елдің мәдени-рухани қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ екіжақты мәдени байланыстар туралы да ойларымен бөлісті.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының қолжазбасы өткен күзде Түркістандағы мұражайға табысталған. Құнды қолжазбаны Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы өткізген болатын.