Облыстық ТЖД мәліметінше, 5 маусым күні тұрған жел Байтоғай ауылындағы жалпы ауданы 653 шаршы метрді құрайтын ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Олардың қатарында жеке баспаналар мен кәсіпкерлік нысандар бар. Табиғи апаттан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.
«Бүгін, 6 маусым күні, облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін екенін ескертеміз. Шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықты құрауы ықтимал» делінген хабарламада.