Түркістан облысы инвестиция бойынша республикада көш бастады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 66,7%-ға артып, республика бойынша көш бастады. Облыс экономикасын дамытуға 11 айда 551,8 млрд теңге инвестиция бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл негізгі капиталға салынған инвестицияның едәуір үлесі құрылыс, өнеркәсіп, өнер, ойын-сауық, демалыс, көлік және жинақтау салаларына келеді.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 76,3 млрд. теңге инвестиция бағытталған.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 146,5% өскен.

Өңірдің сыртқы сауда айналымының көлемі 324,3 млн АҚШ долларын құраған.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 111,1% артық.

Оның ішінде экспорт 122,1% өсіп, импорт көлемі 66,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.