Бейсенбай Дәулетұлы1982 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы журналист, құқықтанушы.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК-нің директор - бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етіп келді.