Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде көшелерге, шектеу белгіленген жерлерге ішкі бекеттер қойылған. Осыған орай, карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіріп өтті. Карантин шараларының орындалуын Келес АПБ-нің қызметкерлері де бақылауға алып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Мұндағы тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, дәмханаларда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шаралары мен ара қашықтықтың сақталуын ескертуде. Тәртіп сақшылары әкімшілік қызметкерлерімен біргелікте рейдтік шаралар өткізіп, демалыс күндері дәмханалар мен базарлардың жұмыстарын тоқтатты.
19:04, 30 Маусым 2020
Түркістан облысы: карантин талаптарының сақталуы полицейлердің қатаң бақылауына алынды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы полицейлердің қатаң бақылауына алынған. Тәртіп сақшылары халық арасында қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.