«30 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады» делінген хабарламада.
Мамандар, сондай-ақ, бүгін Түркістан облысында да нөсер жауын болып, қалың тұман түсетінін ескертіп отыр. Ал, 1 желтоқсан күні көктайғақ болып, қатты аяз күтілуде. Ауа температурасы -8-16 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.