«Өңірлердің көбінде жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. 12 өңір өсім көрсетті, оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр», деді ол.
Министрдің дерегінше, 5 өңірде инвестициялық белсенділіктің төмендеуі тіркелді. Олар: Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
«Тұтастай алғанда, негізгі капиталға 12,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Инвестициялар кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда 14,8 пайызға өсті», - деді Руслан Дәленов.